Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жетінші алтын: Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz 

Жетінші алтын: Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауныша, джиу-джитсуден 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

«Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деп атап өтті ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.