Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Азиада: Қазақстан құрамасы төртінші алтын медальға ие болды

Қазақстандық спортшылар ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескек есу бойынша чемпион атанды.

Азиада: Қазақстан құрамасы төртінші алтын медальға ие болды
фото: Mike Ehrmann/Getty Images

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов 50 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Олар бұл қашықтықты 1:49.01-мен еңсерді.

Отандастарымыз Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.

Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік – осының жарқын дәлелі.

Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздердің қажырлы еңбектеріңізді мақтан тұтады», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.