Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Азия ойындары: Алғашқы жарыс күнінің нәтижелері

Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының алғашқы күнінде қазақстандықтар қол жеткізген нәтижені жариялады. 

Азия ойындары: Алғашқы жарыс күнінің нәтижелері
Фото: qov.kz

Дзюдо: Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды.

Бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиада лицензиясын иеленді.

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалына шықты.

Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.

Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті.

Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.

Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.

Теннис: Бейбіт Жукаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді-6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.

Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасында ширек финалға өтті.