Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстанда УЕФА-ның қолдауымен футбол стадиондары жаңартылады

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізіп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстанда УЕФА-ның қолдауымен футбол стадиондары жаңартылады
Фото: stan.kz

«Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау», - делінген федерацияның Telegram-арнасында.

Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылмақ.

2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:

1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы

2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы

3. «Цементник», Шымкент қаласы

4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы

5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы