Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әлем чемпионатында алғаш рет футболшы алаңға хиджаб киіп шықты

Марокко құрамасының футболшысы Нухайла Бензина алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты.

Әлем чемпионатында алғаш рет футболшы алаңға хиджаб киіп шықты
Фото: ашық дереккөз

Championat.com-ның хабарлауынша, Марокко командасының қорғаушысы Австралия мен Жаңа Зеландияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасымен матчта тарихта алғаш рет басына орамал тағып, 90 минут ойнаған. Ойынның соңында ол сары қағаз алған.Ал матч 1:0 есебімен Марокконың пайдасына шешілген. Кездесуде Ибтиссам Джрайди 6-минутта жалғыз голдың авторы атанған.

Sports.ru-дың мәліметіне қарағанда, бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) хиджабқа тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді. Алайда ол талап 2014 жылы алынып тасталды. Ал Франция елінде хиджабпен ойнауға әлі күнге дейін рұқсат берілмейді. Қазір бұл елде Марокконың 6 футболшысы ойнайды