Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен шәкірттеріне қатысты пікір білдірді

Еліміздің Бокстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен 2 шәкіртіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен шәкірттеріне қатысты пікір білдірді
Фото: inform. kz

«Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған», - деді бас жаттықтырушы sportpress.kz сайтына берген сұхбатында.

Мырзағали Айтжановтың сөзіне қарағанда, боксшылар ол құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалғанға дейін допинг қолданған. Олар ереже сақтамай жүре берген. Ал ішкен витамин адам ағзасынан жарты, тіпті бір жылдан кейін де шығады.

«Қазір бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз, ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады. Қазір боксшылар демалыста. Демалыста да оларға тыйым салынған заттарды ішпеңдер деп ескерту жасаймыз», - деді ол.