Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бокстан әлем чемпионы: «Тойға барудан бас тарттым»

Бокстан әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов Halyq Uni тілшісіне жеке өмірі, алдағы жоспары жайында айтып берді.

Бокстан әлем чемпионы: «Тойға барудан бас тарттым»
фото: Halyq uni

Сыйақының 30 пайызын жеке бапкеріме беремін. Бұйырғанын көреміз. Ата-анама, отбасыма, бала-шағама жұмсаймын. Жалпы алда Олимпиада алтынын еншілеуді мақсат етіп отырмын. Белестар әлі алда, - деді ол.

IBA чемпиондарға 200 мың доллар, Қазақстан бокс федерациясы әр спортшыға 100 мың доллардан береді. Одан бөлек, Үкімет әлем чемпионы мен оның бапкеріне 15 мың доллардан сыйақы тағайындайды.

Асыланбек Шымбергенов Ташкентте өткен әлем чемпионатында қолдау көрсеткен күллі Қазақ еліне алғысын айтып, жеңіске жету құпиясымен бөлісті.

«Жеңіске жету үшін тәртіпке бағыну керек. Той, қыдырыстан бас тарту керек. Сонда ғана нәтиже болады. Әкем әскери адам, қазір зейнетте. Анам балабақшада жұмыс істеген. Келіншегім мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Үш баламыз бар. Барлығы тілеуімді тілеп, үйде күтіп отыр. Әлі отбасыммен жүздескен жоқпын. Егер балам спортты таңдаса, шектеу қоймаймын. Бірақ талап болады. Менің ойымша, спортшы білімнен бас тартпауы керек. Барша жанкүйерге алғысым шексіз. Алла қаласа, Азия, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын желбірете берейік», - деді Асыланбек Шымбергенов.

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында алтын жүлде алған – команда капитаны Асыланбек Шымбергенов Halyq Uni  редакциясында қонақта болды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі жетістік, Олимпиадаға дайындық, бокстағы бәсеке туралы сұрақтарға жауап берді.

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес қазақ боксшысы шығып, оның төртеуі жеңіске жетті.

Санжар Ташкенбай (48 келі) және Махмуд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионы болды. Дулат Бекбауов (67 келі) финалда жеңіліп, күміс медаль еншіледі.

Команда капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келі) финалда өзбек боксшысы Саиджамшид Джафаровтан басым түсіп, чемпион атанды.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқанға қарсы жекпе-жекте үстем түсіп, Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль салды.