Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қазақстан құрамасынан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасынан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: inform. kz

Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта Ресейдің төрт мәрте чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен бәсекеде Санжар басым болды.

Есеп 5:0, Санжар Тәшкенбайдың пайдасында.

Бүгін тағы төрт боксшы финалға шығу үшін сынға түседі.