Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпарақа сілтеме жасап.
Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта франциялық Макан Траоремен жұдырықтасты.
Траоре осы біріншілік барысында әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзаваны жеңген еді.
Бірінші раундты сенімді өткізген Асланбек қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде тағы бір нокдаун есептелді. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша, қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан Асланбек Шымбергенов Қазақстаннан алғашқы болып жартылай финалға жолдама алды.
Бұл – кемінде қола жүлде қалтада деген сөз.