Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобында 2-турдан кейін турнир кестесі белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді
Фото: vesti.kz

Аталған топтағы екінші тур ойындарын Солтүстік Ирландия - Финляндия кездесуі түйіндеді.

Алғашқы турда Солтүстік Ирландия сырт алаңда Сан-Мариноны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Финляндия құрамасы Данияға 1:3 есебімен жол берді.

Екі құрама арасындағы ойында Финляндия алғашқы болып есеп ашты. Оны Беньямин Кялльман 28-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша Финляндия құрамасы қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.