Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

UFC президенті Дэйна Уайт америкалық Белл Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жекке әзірлік жүріп жатқанын айтты,  деп хабарлайды paryz.kz.

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: stan.kz

«Келесі жекпе-жекті Белл Мухаммад кіммен өткізеді? Шавкат Рахманов. Жекпе-жек дайындық үстінде», - деді Дэйна Уайт UFC 286 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Шавкат Рахмонов американдық Джефф Нилмен жекпе-жекті үшінші раундта нокаутпен аяқтап,UFC-дегі бесінші жеңісіне жеткен болатын.

UFC жартылай орта салмақ рейтингінде Белл Мухаммад төртінші орында болса, Шавкат алтыншы орында.