Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

UFC-да өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, – деп хабарлайды Paryz.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты
Фото: ашық дереккөз

– Геннадий Головкин қазақстандық жанкүйерлер, БАҚ үшін айтарлықтай жабық. Ал танымалдылығыңды сен қалай қабылдайсың және АҚШ-та жүргенде қазақстандықтармен қаншалықты жиі араласасың?

– Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру – бұл қиын. Бұл күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине, жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді.