Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Шавхат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орны шарықтап кетті

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жаңартылған UFC (Ultimate Fighting Championship) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шавхат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орны шарықтап кетті
Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Images

TSN арнасының хабарлауынша, Таяуда UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген Шавкат жартылай орта салмақтағы үздіктер рейтингінде тоғызыншы орыннан алтыншы орынға көтерілген.

Оның алдында бразилиялық Гилберт Бернс тұр. Бұл дивизионның чемпионы - америкалық Леон Эдвардс. Бірінші орында Камару Усман болса, екінші орында америкалық Колби Ковингтон. Үздіктердің қатарын швециялық Хамзат Чимаев қорытындылады. Төртінші орында Белал Мухаммад.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабында 17 (бесеуі UFC-дегі кездесу) кездесу өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.