Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Странджа турнирінде рингке неге шықпағанын түсіндірді

 Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» турнирінде 1/8 финалда өзбекстандық Баходиром Жалоловпен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Странджа турнирінде рингке неге шықпағанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты рингке шықпады.

«Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет», делінген арнайы мәлімдемеде.