Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Дағыстанда әлем чемпионын атып кетті

Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-дан NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті. Бұл туралы 112 телеграм арнасы жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дағыстанда әлем чемпионын атып кетті
Фото: ашық дереккөз

Ақпарат бойынша, грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды.

Кейін желіде Мардановты өлтірген сәттен видео жарияланды. Видеода екі адамның Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатысушылардың бірі аңшы мылтығынан жерге оқ атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді.

Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып кеткен. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.