Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бекентай Тұрлыбеков Қазақстанға үшінші "алтынды" сыйлады

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бекентай Тұрлыбеков Қазақстанға үшінші "алтынды" сыйлады
Фото: ашық дереккөз

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты- 27:51,5. Осылайша қазақстандық биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі.

Нәтижесінде аталған сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.