Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Елеусінов IBO белбеуінен неліктен айырылып қалды?

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) енді халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы болып саналмайды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов IBO белбеуінен неліктен айырылып қалды?
Фото: ашық дереккөз

Данияр бұл белбеуді 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп алған болатын.

Елеусіновтің чемпиондық атағынан айырылуы ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауымен байланысты болуы мүмкін. IBO ұйымының ережесінде ауыр салмақтан бөлек әр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондары тоғыз айда бір рет белбеуін қорғауы керек екені жазылған. Ал ауыр салмақ үшін бұл мерзім – бір жыл. Сол сияқты тек медициналық көрсеткіштер бойынша немесе IBO-ның жеке және абсолютті қалауы бойынша беріледі.

Елеусінов IBO ұйымының әлем чемпионы атағын жеңіп алған сәттен бері шаршы алаңға бірде бір рет шыққан жоқ.

Айта кетейік, соңғы сұхбаттарының бірінде боксшымыз 2022 жылдың соңына дейін жекпе-жек бойынша нақты ұсыныстар алмаса, карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі «дайындық үстінде» деп жазғанмен, қосымша мәліметтерді жарияламаған еді.