Алматыда шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Балуан Шолақ спорт сарайында ұйымдастырылған жарысқа 176 ойыншы қатысады. Олардың 98-і – әйел.
50 елден келген 300-ге жуық ойыншы чемпиондыққа таласады. Үміткерлер қатарында қазіргі әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен бар.
Алғашқы ойын бүгін сағат 15:00-де басталды.
Қазақстан намысын әлемдік додада Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қорғайды.
Айта кетсек, турнирдің жүлде қоры – 1 млн доллар.