Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

«Бұл қалай?»: Әлем чемпионы атанған Месси сынға ілікті

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама қақпашысы Эмилиано Мартинестің жанында еш әрекетсіз күліп тұрғаны үшін сынның астында қалды.

«Бұл қалай?»: Әлем чемпионы атанған Месси сынға ілікті
Фото: ашық дереккөз

Голкипер Буэнос-Айрестегі чемпиондық шеру кезінде қолына Килиан Мбаппе бейнелеген қуыршақ ұстап жүрген болатын деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, клубтық деңгейде Месси мен Мбаппе бір команда – ПСЖ-да ойнайды.

«Мартинес осындай қылық істеп тұрғанда, Месси неге сонша риза? Келесі маусымда сол командаласымен Чемпиондар лигасында бірге өнер көрсетеді ғой?», «Мартинес көпшілік алдында Мабаппені мазақ етіп тұр, ал Месси қасында тұрып, мүлде ештеңе істемеді. Бұл артық кету», «Аргентина құрамасының ұятсыз қылығы, ал өкініштісі, Месси қасында күліп тұр» деп жазды желі қолданушылары.