Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Сындырып тастады": Лука Модрич жоқ жерден пенальти белгілеген төрешіні айыптады

Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич әлем чемпионатында Аргентинамен өткен матчтағы пенальтиге қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған Paryz.kz ақпарат агенттігі. 

"Сындырып тастады": Лука Модрич жоқ жерден пенальти белгілеген төрешіні айыптады
Фото: ашық дереккөз

"Бәрінен бұрын мені бірінші гол алаңдатады. Меніңше, пенальти болмаған сияқты. Төреші бізге бұрыштама беруі керек еді. Алайда, ол жоқ пенальтиді белгіледі. Бұл ойынды сындырып тастады.

Пенальтиге дейін біз жақсы ойнап, матчты бақылауда ұстадық. Аздап өткір шабуыл жетіспеді. Бірақ Аргентина бірінші голды соққанға дейін ешқандай проблема болмаған еді. Осы жайт қынжылтады. Көп ұзамай олар екінші голын салды. Мұндайдан соң ойнау қиын", - деді Модрич.

Еске сала кетейік, Аргентина мен Хорватия арасындағы матчта Мессидің командасы 3:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты.