Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Еламан Сейітқазы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 8-орын алды

Қазақстандық үш спортшы ауыр атлетикадан Боготадағы (Колумбия) әлем чемпионатында сынға түсті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Еламан Сейітқазы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 8-орын алды
фото: standard.kz

81 келіге дейінгі салмақта Еламан Сейітқазы 342 (156+186) келіні бағындырып, 8-орын алды. Бұл жарыста қытайлық Ли Даинь топ жарды – 372 (171+201) кг. Ал күміс медаль түрікменстандық Реджепбай Реджеповке бұйырды – 366 (164+202) кг. «Қоланы» Оңтүстік Корея өкілі Ким Ву Чжэ иеленді – 357 (162+195) кг.

89 келіге дейінгі салмақта Асылжан Бектай 14, Денис Ұланов 17-орын алды. Бектай екі жаттығу қорытындысы бойынша 348 (158+190) келі көтерді, ал Ұланов 345 (155+190) келіні еңсерді. Бұл салмақта венесуэлалық Кейдомар Вальенилья Санчес 385 (185+210) келіні көтеріп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды колумбиялық Брайан Родальегас иеленді – 381 (170+211) кг. Үздік үштікті қытайлық Лю Хуаньхуа түйіндеді – 381 (166+215) кг.