1-4 желтоқсан аралығында Астанадағы Qsport Center спорт кешенінде асық атудан I Азия чемпионаты өтті деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа Казақстан, Моңғолия, Үндістан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістаннан келген 80-ге жуық спортшы қатысты.
Ақтық сынға сүрінбей жеткен Қазақстан құрамасының қос командасы финалдық ойында өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, асық атудан Қазақстан құрамасының қос командасы бірінші және екінші орын алса, Қырғыз елінен келген саңлақтар 3-орынға табан тіреді.
Әйелдер арасында өткен «Бес асық» ойыны бойынша Қазақстан құрамасының командалары алғашқы екі орынды бөліссе, үшінші орынды Моңғолия елінің спортшылары иеленді.