Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Белгілі сарапшы Әлімханұлының басты кемшілігін атады

World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қорғауныа қатысты ойын айтты. Ол Жәнібек Дензел Бентлимен неге 12 раунд айқасқанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі сарапшы Әлімханұлының басты кемшілігін атады
Фото: Vesti.kz

- Әлімханұлы кейінгі уақытта өзін жарқын жағынан көрсетті. Ол бірнеше экс чемпион мен үміткерді нокаутқа түсірді. Мұнысы Головкиннің бабындағы кезін еске салды. Барлығы Бентлимен де солай болады деп ойлады. Алайда британиялық таң қалдырды. Ол қазақ боксшының соққысына төтеп беріп, жауап та қайтара алды. Әрине, Әлімханұлы сөзсіз жеңді, бірақ оған қарсыласын есеңгіретуге қуылық пен жылдамдық жетпеді. Мықты қарсыласқа қарсы Жәнібекте тәжірибенің жеткіліксіз екені көрінді. Әлімханұлының әлеуеті мен болашағы зор, сондықтан алда әлі үйренері көп, - дейді Джей.