Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарап кетті (ВИДЕО)

Желіде Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы айтылған видео тарап кетті деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарап кетті (ВИДЕО)
Фото: stan.kz

28 жастағы файтер Өзбекстанда туған, алайда оның спорттағы жетістіктері Қазақстанмен байланысты.

«Оның әкесі қазақ. Рахмонов әкесіне және Брюс Лиге ұқсайды», – дейді «Яккакураш олами» YouTube-арнасының авторлары.

Шавкаттың анасы туралы да ақпарат бар.

«Бұл – Ташбува Атамурадова. Ол қоңырат, оның ішінде алпамыш. Ол өзбек эпосы Байсын-таудан тараған», – дейді олар.

«Шавкат өзбек тілінде оқыған. Латын әліпбиімен. Қазақстанға алғаш келген жылдары қиын болған, себебі ол орыс тілін білмеген еді», – дейді арна авторлары.