Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Ақыры ауруханаға түстім»: Ерке Есмахан денсаулығы сыр беріп, ауырып қалғанын жеткізді

Отандық әнші Ерке Есмахан ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесі бұл жайлы оқырмандарына Instagram желісінде айтты, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

«Ақыры ауруханаға түстім»: Ерке Есмахан денсаулығы сыр беріп, ауырып қалғанын жеткізді
Фото: ашық дереккөз

Осыған дейін желі қолданушыларын шетелге саяхаттап қуантқан Ерке Есмахан бұл жолы ауруханаға түсіп қалғанын жазды. «Мен ақыры ауруханаға түсіп қалдым. Қорқатын нәрсе емес. Уайымдамаңыздар», — деді әнші алғашында.

«Ал біраз уақыттан соң аяққа тұрып кететінін айтып, оқырмандарына денсаулығы жайлы хабар берді. «Шипа тілеп, жақсы сөз жазып жатқан жандарға Алла разы болсын! Рахмет! Бұйыртса, дәрігер 2-3 күнде шауып кетесің деді», — деп жазды.