Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Астанада Новак Джокович 168 млн 500 мың теңге алды

Астанада теннистен өткен Astana Open ATP 500 турнирінің жеңімпазы серб Новак Джокович 355 310 доллар немесе теңгеге шаққанда 168 млн 500 мың теңге сыйақы алды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Астанада Новак Джокович 168 млн 500 мың теңге алды
Фото: ашық дереккөз

Турнирде екінші орын алған грек Стефанос Циципас 191 180 долларға ие болды (90,6 млн теңге).

Серб теннисшісі Astana Open ATP 500 турнирінің финалында грек спортшысымен осымен екінші рет кездесті. Екеуінде де жеңіске жетті. Олар алғаш рет ATP 500 жарысында 2020 жылы кездескен болатын. Сол кезде Джокович қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осы жолы да ол Циципастан дәл осындай есеппен айласын асырды.  Осылайша Джокович ATP 500 турнирін екі жылдан соң, қайта жеңді. Ал Циципас ATP 500 турнирінің финалына 9 рет шығып, әлі бірде-бір рет жеңіп көрмеді.

Биылғы турнирде қола жүлдені ресейлік теннисшілер Даниил Медведев пен Андрей Рублев бөлісті. Екеуі қола медаль үшін 101 890 доллардан алды.

Астанада өткен турнирде басты фаворит саналған  теннисшілер ­- Бенуа Пэр, Аслан Карацев пен Карлос Алькарас алғашқы ойынында-ақ жеңіліп қалды.