Испанияның «Реал Мадрид» құрамасының бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс «каминг-аут жасады» деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Маған құрметпен қарайсыздар деп үміттенемін. Мен геймін», – деп жазды аты аңызға айналған қақпашы.
Оның мәлімдемесіне Барселона мен Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карлес Пуйоль жауап берді.
«Икер, біздің оқиғамызды айтатын уақыт келді», – деп жазды ол.
Испанияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдегендей, бұл – әзіл. БАҚ Касильяс «жұбын әр апта сайын ауыстырады» деп жиі жазады. Осылайша футболшы қауесеттерге әзілмен жауап беруге тырысты. Твиттің өзі «каминг-аутпен» жойылды.
Айта кету керек, Касильяс та, Пуйоль де желі қолданушыларының тарапынан сынға ұшырады. Олар спортшыларға каминг-аут жасау қиын екенін, мұндай әзіл оларға көмектеспейтінін жазды.