Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Василий Левит Антикордың лауазымды қызметіне тағайындалды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің қатарына қосылды деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Василий Левит Антикордың лауазымды қызметіне тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

 «Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Левит – екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокс бойынша халықаралық және Ұлттық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін Левит II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.