Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың үздік нокауттары тізімін жариялады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі мамырда өтті. Әлімханұлы екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген еді.
Сол кезде осы жеңісінің арқасында ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион белбеуіне ие болды.