Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Жәнібек Әлімханұлы "Жыл жаңалығы" номинациясына ұсынылды

Спортшылар тізімін Top Rank промоутерлік компаниясы жасаған.

Жәнібек Әлімханұлы "Жыл жаңалығы" номинациясына ұсынылды
фото: ашық дереккөз

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) "Жыл жаңалығы" номинациясына ұсынылды. Спортшылар тізімін Top Rank промоутерлік компаниясы жасаған деп хабарлайды Paryz.kz

28 жастағы қазақстандық боксшы 2021 жылы жеткен жетістіктерінен кейін номинацияға ұсынылған. Әлімханұлы 2021 жылдың 26 шілдесінде америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО), ал 20 қарашада франциялық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңді.