Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Головкиннің келесі қарсыласы "Канело" болуы мүмкін

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте екі рет кездесті.

Головкиннің келесі қарсыласы "Канело" болуы мүмкін
фото: дереккөз

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жапониялық Риота Муратаға қарсы кездесуі кейінге шегерілуіне байланысты алдағы жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kzSports.kz-ке сілтеме жасап.

Эдди Хирннің сөзінше, отандасымыздың алдағы қарсыласы мексикалық әйгілі боксшы Сауль "Канело" Альварес болуы әбден мүмкін.

Мүмкін, Альварес. Кім біледі, бәрі мүмкін. Бұл әлемдік бокстағы ең үлкен жекпе-жек болар еді, - дейді ол.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте екі рет кездесті. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісін төрешілер мексикалықтың пайдасына шешті.

Ал Головкиннің биыл 29 желтоқсанда Жапонияда Риота Муратаға қарсы өтуі тиіс жекпе-жегі коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты кейінге қалды.