Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.

Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы халықаралық Шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді.

Жалпы жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс еді.

Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер.

FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.