Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық аяқталды

Шетелдіктер жарысты көруге қатыстырлмайды. Жергілікті көрермендер туралы әлі шешілген жоқ.  

Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық аяқталды
фото: ашық дереккөз

Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары аяқталды деп хабарлайды Paryz.kz, Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде Олимпиада өтеді. Одан кейін екі апта бойы паралимпиадашылар жарысы болады.  Қысқы Олимпиадаға 3 мыңдай, ал паралимиадаға 736 спортшы қатысады. Жарыстар Бейжің мен Яньцин ауданы және көрші провинциядағы Чжанцзякоу қаласында өтпек. Олимпиада кезінде қалааралық пойыздар, автобустар мен такси қызметі ұйымдастырылады. 

Автокөліктер үшін жолдарда  арнайы жолақ болады. Спортшылар Олимпиада ауылында орналасады. Шетелдіктер жарысты көруге қатыстырлмайды. Жергілікті көрермендер туралы әлі шешілген жоқ.  

Қазан айында Қытай Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесіп, індетке қарсы ортақ ереже әзірленді. Олимпада өтетін аумақта спортшылар, тілшілер мен көрермен еркін қозғала алады.

Жабық аумақтан шығудың екі жолы бар. Жарысқа қатысқан шетелдіктерден 48 сағат бұрын ПТР-тест алынып, халықаралық рейстерге қажетті құжат беріледі. Ал ойындардан кейін Қытайда қалатындар карантинге жіберіледі. Оқшаулану мерзімі жарыс кезінде істеген жұмыс орнына байланысты болады, – деді Бейжің қысқы Олимпиадасы ұйымдастыру.

Ұйымдастыру комитеті әлемдегі эпидахуалды жіті бақылап отыр, сақтық шараларын күшейтті. Биылғы қазан айынан бері Олимпиада нысандарында 8 халықаралық жарыс өтті.