"Алтын доп" 1956 жылдан бері жыл сайын беріледі, ал 2020 жылы салтанатты марапаттау рәсімі коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды.
2021 жылғы әлемнің үздік футболшысы, France Football журналы табыстайтын "Алтын доптың" иегері бүгін, 29 қараша күні белгілі болады. Марапаттау рәсімі Париждегі "Шатле" театрында өтеді және Мәскеу уақытымен 22:30-да басталады деп хабарлайды Paryz.kz.
"Алтын доп" 1956 жылдан бері жыл сайын беріледі, ал 2020 жылы салтанатты марапаттау рәсімі коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды. 1956-2006 жылдар аралығында марапатты табыстау футбол журналистері арасында дауыс беру арқылы өтті.
2007 жылдан бастап ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары дауыс беру құқығына ие болды. Биылғы жылы дауыс беруге 30 үміткер мен 180 журналист қатысады.
2010 жылдан бері "Алтын доп" Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) бірлесе берілсе, 2016 жылдан бастап France Football марапатты бөлек табыстап келеді, ал ФИФА жылдың үздік ойыншысы үшін өз сыйлығын белгіледі, 2022 жылдың 17 қаңтарында жарияланады.