Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Месси "Барселонаға" оралуға қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, Месси 2003 жылдан 2021 жылға дейін каталондық клубтың намысын қорғады.

Месси "Барселонаға" оралуға қатысты мәлімдеме жасады
фото: Чемпионат

Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси каталондық "Барселонаға" оралу ниеті туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kzVesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Барселонаға" оралатынымды үнемі айтатынмын, өйткені ол менің үйім, клубқа көмектескім келеді, қолымнан келгенінше. Егер мен өз үлесімді қосып, клубқа жәрдем бола алсам, оралғым келеді, - деп береді Мессидің сөзін Ge.globo басылымы Marca порталына сілтеме жасап. 

Еске салайық, Месси 2003 жылдан 2021 жылға дейін каталондық клубтың намысын қорғады.

2021 жылдың тамызында Месси ПСЖ-ға ауысты. Осы маусымда 34 жастағы аргентиналық шабуылшы Франция 1-лигасында алты матчқа қатысып, бір гол соқты.