Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Риота Мурата Головкинмен өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында поляк Камил Шереметаға (21-2, 5 КО) қарсы өткізді.

Риота Мурата Головкинмен өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

WBA Super бойынша титул иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиодағы Saitama Super Arena-да өтеді деп хабарлайды Paryz.kzVesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Головкин - өзім қатты құрметтейтін боксшы. Оны жеңіп, орта салмақтағы ең мықты чемпион екенімді дәлелдегім келеді. Осы жекпе-жекке келіскеніне ризамын, - деді Мурата.

Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында поляк Камил Шереметаға (21-2, 5 КО) қарсы өткізді. Қазақстандық қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту нәтижесінде жеңді.

Мурата кейінгі рет канадалық Стивен Батлермен (28-3-1, 24 КО) 2019 жылдың желтоқсанында кездесті Бұл жекпе-жек жапон боксшысының пайдасына аяқталды.