Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мадриттік "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді

Соңғы рет "Барселона" "Реалды" 2019 жылдың 3 наурызында жеңген болатын.

Мадриттік "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді
фото: championat.com

Мадриттік "Реал" Испания чемпионатының 10-турында "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Ойын Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтті деп хабарлайды Paryz.kz

Кездесу барысында "Реал Мадрид" командасының ойыншылары Давид Алаба (32 минутында) және Лукас Васкес (90+4 минут) гол соқты. "Барселона" ойыншысы Серхио Агуэро (90+7 минутында) жеңімпаздар қақпасында гол салған. Хорватиялық қорғаушы Лука Модрич мадриттік "Реалдағы" 400–матчін өткізді. Ал Алаба мен Агуэро өз клубтарындағы алғашқы голдарын салды. 

"Реал" "Барселонаны" қатарынан 4-рет жеңді. Соңғы рет "Барселона" "Реалды" 2019 жылдың 3 наурызында жеңген болатын. Жексенбі күні өткен кездесу қос команда арасында 247 матч болды. Эль-Классиконы "Реал" 99 рет, "Барселона" 96 рет жеңген, қалған ойындарда есеп теңбе-тең түсті. 

2007 жылдан бері Эль-Классико алғаш рет аргентикалық Леонель Мессидің қатысуынсыз өтті. Месси "Реалға" қарсы 45 ойын өткізген. 
Жеңіс нәтижесінде "Реал" 20 ұпай жинап, кестеде бірінші орынға көтерілді. 9 кездесу қорытындысы бойынша 15 ұпаймен "Барселона" 8-орынға тұрақтады.