Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жас спортшы Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өтті (ВИДЕО)

Алмаз Смайылқұловтың сөзінше, су бетіндегі трюктер спортты танымал ету мақсатында жасалған.

Жас спортшы Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өтті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

31 жастағы Алмаз Смайылқұлов Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен түрлі трюктер жасады. Бұл трюктердің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

"Керемет!", "Таңғалып тұрмын, ғажап!", "Мықты жігітсің, саған миллион лайк!" – деп желідегілер таңданыс білдіріп, жылы пікірлерін  жазып жатыр.

Алмаз Смайылқұловтың сөзінше, су бетіндегі трюктер спортты танымал ету мақсатында жасалған.

Роликті түсіру үшін алдымен қала әкімдігінен ресми түрде рұқсат сұрадық. Адам өмірде өз қорқынышын жеңе білуі керек. Бірақ вейкборд – қауіпсіз спорт. Су бетіндегі трюктер спортты танымал ету мақсатында жасалды. Мен түсірілім барысында қауіпсіздік киімін киіп алдым. Трюктерді әуесқойлар қайталамағаны дұрыс. Видеоны танымал видеограф түсірді, – дейді спортшы.

Айта кетсек, вейкбординг – су шаңғысы, серфинг және сноуборд элементтерін қамтитын экстремалды спорт түрі.