Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Футзалдан Қазақстан Иранды жеңіп, жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйек күні өтеді.

фото: дереккөз

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Paryz.kzaladop.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Рикардо Кака шәкірттері Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып жатты. Команда 8 және 15-минуттарда гол жіберіп алды. Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур ерекшеленді.

Бірақ кездесудің 25-минутында Иран қақпашысы Алиреза Самими Дәурен Тұрсағұловтың соққысынан кейін өз қақпасына гол соғып алды. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйек күні өтеді. Екінші жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина күш сынасады.