Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аты аңызға айналған 46 жастағы боксшы Головкинмен айқасқысы келетінін айтты

"...Маған көрме жекпе-жектің керегі жоқ. Мен нағыз белбеу жеңгім келеді", - деді Мартинес.

Аты аңызға айналған 46 жастағы боксшы Головкинмен айқасқысы келетінін айтты
фото: championat.com

Аты аңызға айналған орта салмақтағы боксшы - 46 жастағы аргентиналық Серхио Мартинес ұлыбританиялық Брайан Роузды жеңді деп хабарлайды Paryz.kzVesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек Мадридте (Испания) өтті. Барлық он раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыз шешіммен (97-94, 96-94 және 96-94) Мартинеске берді.

Кездесу қарсаңында Мартинес RingTV-ге берген сұхбатында орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта мен тек карьерама және титул үшін қайта күресу мүмкіндігін іздеуге көңіл бөліп жүрмін. Геннадий Головкин, Риота Мурата, кіші Крис Юбенка немесе басқа біреуге қарсы болсын, мен титулдық жекпе-жегімді іздеуде бәрін тастауға дайынмын. Маған көрме жекпе-жектің керегі жоқ. Мен нағыз белбеу жеңгім келеді, - деді Мартинес.