Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Головкиннің биылғы алғашқы қарсыласы кім болады?

"Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл - өте ауқымды жекпе-жек..."

Головкиннің биылғы алғашқы қарсыласы кім болады?
фото: дереккөз

Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Екеуіміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр. Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл - өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса, - деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында. 

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, WBO нұсқасы бойынша Деметриус Андраде, WBC бойынша Джермалл Чарло, WBA Super орта салмақта белбеу иегері Риота Мурата.