Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Өскеменде жетім балаларға тиесілі пәтерге әкімдік қызметкерлері жайғасып алған

Өскеменде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған пәтерлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатыр. Қаладағы қоғам белсенділері заңсыз қоныстанудың құйтырқы әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Өскеменде жетім балаларға тиесілі пәтерге әкімдік қызметкерлері жайғасып алған
фото: sputniknews.kz

Жетім балалар осы кезге дейін де баспанаға қатысты алаяқтық туралы бірнеше рет шағымданған. Өздерінің табанды әрекеттерінің арқасында олар арнайы комиссияның құрамына енуге қол жеткізген. Сөйтіп, белсенділер әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары мен полиция қызметкерлері және КСК өкілдерімен бірге 102 пәтерді тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Бірнеше пәтерде мемлекеттік қызметкерлер тұрады. Яғни, кәмелетке толмаған жасөспірімдер балалар үйіне жайғасқандықтан, пәтерлерде мүлдем басқа адамдар тұрып жатыр. Бұл енді жалдау шартының бұзылуы болып табылады", – дейді балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.

Тексеру нәтижесінде, арнайы комиссия жетім балаларға арналған 15 пәтердің жарты жылдан астам уақыт бос тұрғанын анықтады. Сондай-ақ, оның кейбірі үшінші тұлғаларға жалға берілген болса, тағы екеуі "қағаз жүзінде" балалар үйіндегі кәмелетке толмаған балаларға "үлестірілген". Бірақ іс жүзінде басқа адамдар жүргенін әшкереледі.