Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

180 жолаушы ұшақта қамалып қалған: Air Astana жауапқа тартылды ма?

2024 жылдың 1 маусымында 68 жастағы алматылық Вячеслав Югай 179 жолаушымен бірге ақаулы ұшақта қамалып қалған. Ол 179 жолаушымен бірге ақаулы ұшақта қамалып қалғанкомпаниясына тиесілі әуе кемесі, деп хабарлайды Paryz.kz, Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

180 жолаушы ұшақта қамалып қалған: Air Astana жауапқа тартылды ма?
iStock

Қозғалтқышты 1,5 сағат бойы іске қоспақ болған кезде салондағы ауаны баптау және желдету жүйесі жұмыс істемей қалған. Ұшақтың командирі мен бортсеріктерінен ешқандай ақпарат болмағандықтан, жолаушылар арасында дүрбелең басталған.

«Әйелім екеуміз тыныс алуы қиындаған қарт адамдармыз. Сондай жағдайда барлығы ұшақтың командирінен нұсқау күтіп, аға бортсерік онымен телефон арқылы байланыса алмаған кезде амалсыздан ұшқыш кабинасының есігін қақтым. Ал бұл әкімшілік іс қозғауға негіз болды. Осыдан кейін ғана командир ұшақтың есіктерін ашуға рұқсат беріп, сол арқылы біздің азапты жеңілдеткендей болды», - деп еске алады сол күнгі оқиғаны В.Югай.

В. Югай ұшақ бортында ұшқыш кабинасының есігін қаққаны үшін сот алдында жауап берген.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, В. Югайға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Яғни, ол ұшақ бортында әуе компаниясының қызметкерлеріне қарсы агрессивті әрекет жасады деп айыпталған.

«В. Югай өз кінәсін мойындаған жоқ. Сотта ол жанжалды жағдай кезінде әдепсіз сөздер қолданбағанын және қоғамдық тәртіпті бұзбағанын түсіндірді. Іс материалдарында құқық бұзушылықтың орын алғанын растайтын дәлелдемелер жоқ, В. Югайдың кінәсін растайтын басқа дәлелдемелер анықталмаған. Керісінше, бейнежазбадан оның өзгелерге сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасамағаны байқалады», - делінген сот хабарламасында.

Соттың істі қарау нәтижесінде В. Югайға қатысты іс жүргізу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.