Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бәрін қиратқан: Атыраудағы отбасының үй дауы қылмыстық іске айналды

Ажырасқан ер адам баспанасын сүріп тастаған деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Бәрін қиратқан: Атыраудағы отбасының үй дауы қылмыстық іске айналды

Атыраулық Айнұр Қанатова балаларымен туыстарының үйін паналап жүр. Өткен жылы жолдасымен заң жүзінде ажырасып, сот мүліктерін теңдей бөліп берген.

Бірақ күйеуі соттың шешіміне қарамай, балаларына үйді қимай, жылдар бойы қабырғасын бірге қалаған баспанасын трактормен күреп тастапты. Іргетасы қаланғанына он жыл да болмаған үлкен үйдің қазір тас-талқаны шыққан. Тіпті ауладағы шағын үй мен гаражды да қиратқан. Өкініштен өксіп жылаған келіншек бұл жағдай өткен жылы болғанын, бұзып бастағанда полицияға да хабарлағанын айтады.

Күйеуі соттың шешімі шығысымен үйді бұзуға жұмысшылар жалдаған. Айтуынша сүріп тастамас бұрын үйдің шатыры мен есік-терезесін шешіп алған. 38 жастағы келіншектің кішкентай балаларымен туысқандарының үйін паналап жүргеніне 1 жылға жуықтаған. Айнұр осыдан сегіз жыл бұрын бір баласымен өзінен 18 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол күйеуінен қазір екі ұлы бар. Отбасылық айқай-шу үлкен ұлын жақтырмаудан басталыпты.  Күйеуі ұлын бауырына баспақ түгілі, боқтап-балағаттап, қысым көрсеткен. Тіпті бұрын полицияда қызмет атқарған қайын інісі өзіне күш көрсеткенде үйден кетуге мәжбүр болған. Қазір қылмыстық іс тергеу сатысында.