Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев сахнада өрескел әрекет жасаған "Ирина Кайратовна" тобына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет кулуарында журналистер министрлік әртістердің сахнаға мас күйінде шыққаны үшін жауапкершілік енгізе ме деп сұрады.
"Елімізде мыңдаған концерт өтеді, мұндай оқиғалар болып жатады. Бірақ әртістердің барлығы мұндай күйде шықпайды. Біз бұл проблеманы жақсы білеміз және осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деді Абаев.
Министр таяуда қолға алынатын шаралар туралы хабар етуге уәде етті.
Еске салсақ, 25 мамырда "Ирина Кайратовна" мен Shiza атымен танымал Асхат Жолшиевтің концерті кезінде әртістер сахнада бейәдеп сөздер айтқан. Әнші Асхат Жолшиев қолына орап алған Қазақстанның туын адамдарға қарай лақтырған.