Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Балапаным менің": Атышулы трансгендер Амилай өзін "екіқабат" деп жариялады

Әртүрлі әрекеттерімен халықтың ашуын тудыратын атышулы трансгендер бұл жолы "екіқабат" екенін елге көрсеткен. Амилай ғаламторды шулатқан видеосын өзінің TikTok-тағы парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Балапаным менің": Атышулы трансгендер Амилай өзін "екіқабат" деп жариялады
Сурет: ашық дереккөз

Амилай Баймұратова — әйел кейпіндегі еркек. Оның әлеуметтік желіге салған роликтері бірден қызу талқыға түседі. Дәл осылай көп қаралым жинайтын трансгендер енді "жүктілігімен" жұрт назарына іліккен.

Интернетте тараған бейнежазбаға зер салсақ, ол ішін сипалап, өзін құдды бір аяғы ауыр келіншек сияқты көрсетеді. Тіпті видеоға Нұрлан Әлімжановтың "Балапаным менің" әнін таңдаған. Мұндайды көргендердің бірі баланың әкесін сұраса, енді бірі келеке қылуда.

"Әпшуі бар мамочка", "Не қылдың? Туғаныңды күтеміз енді", "Жеңіл босан. Ұл тап, айналайын", "Еркектен еркек туады деген осы шығар", "Осы жақында туса таңғалмайтын шығармыз", "Аман-есен бауырыңа балаңды ал", "Бала кімнен екен?", "Барлық нәрсені сезінсең де, дәл осы бақытты ешқашан сезіне алмайсың", "Балаң түсіп қалсын", "Саған толғатқанды көрсету керек. Қайтадан еркек болғың келіп кетер еді", — деді желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: "Қыз болуды сұраймын": Атышулы трансгендер Амилай дін жолына бет бұрды