Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Қыз болуды сұраймын": Атышулы трансгендер Амилай дін жолына бет бұрды

Атышулы трансгендер Амилай Баймұратова биыл ораза ұстағанын айтты. Көпшілікке Амилай есімімен танылған жігіт дін жолына бет бұрды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Қыз болуды сұраймын": Атышулы трансгендер Амилай дін жолына бет бұрды
Сурет: ашық дереккөз

15 жасымнан бастап үш жыл ораза ұстадым. Кейін колледжге түстім. Оқу бітірген соң транс болып, жезөкшеге айналдым. Айтпақшы, жақында жезөкшелікті қойғаныма туралы бір жыл толады,

—деді Амилай тікелей эфирде.

Тіпті соңғы кездері Амилайдың хиджап киіп жүргенін көрсететтін видеолар әлеуметтік желіде тарады. Бірақ транстың айтуынша, ол хиджап емес екен. Бетіндегі макияжына сәйкестендіру үшін футболканы хиджап секілді басына орап, видеоға түскенін айтады. Ал хиджап кию мүлдем ойында жоқ көрінеді.

Ал Құдайдан әрбір тілегінде үнемі қыз болуды сұраймын дейді ол.

Сондай-ақ ол өзінің табысын да жасырмады. Трансгендер айына шамамен 3 миллион теңге табамын дейді. Өзінің айтуынша, мұндай ақшаны ол Instagram, TikTok желілері арқылы жарнама жасап табады.