Қайрат Нұртастың соққыға жығылғаны жөніндегі ақпарат мессенджерлер арқылы тарап, Қостанай облыстық полиция департаментіне жеткен. Департамент басшысы аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін Қостанайда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде хабарлама алдым.
Ақпаратқа "полиция департаментінің жетекшісі баспасөз қызметі" арқылы түсініктеме беріпті-мыс.
Қайрат Нұртастың жағдайына көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын", - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков.
Әншінің жағдайы жақсы, ақпарат жалған.
Ол сөзінің дәлелі ретінде әншімен бірге түскен суретін жариялады. Қайрат Нұртастың Қостанайда концерт бергенін атап өтті. Сондай-ақ, департамент басшысы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруге кірісті.