Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

106 миллионға салынған хоккей корты жарықсыз істеуде

Солтүстік Қазақстан облысында «Тарлан» деп аталатын жабық хоккей корты бір жылдан бері электр жарығынсыз жұмыс істеп тұр. Нысан былтыр салтанытты түрде ашылғанымен, әлі күнге дейін  қолданысқа енгізу актісі жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

106 миллионға салынған хоккей корты жарықсыз істеуде
Сурет: Turkystan.kz

Мамлют қаласындағы алғашқы жабық хоккей корты салтанатты түрде ашылғаннан кейін бірден жарықсыз қалған. Содан бері бір жылдан артық уақыт өтсе де мәселе шешілмей келеді. Тіпті, балалардың киім ауыстыратын бөмесінде де жарық жоқ. Ал электр қуаты болмаса, жылу да берілмейді.

Жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайтын нысанның құрылысын қостанайлық компания жүргізген. Жер телімін дұрыс рәсімдемегендіктен құзырлы органдар нысанды қолданысқа енгізу актісін беруден бас тартқан. Мердігер өз міндеттемелерін толық орындағанын алға тартты.

«Мен өз жұмысымды орындадым. Ішкі желілердің барлығы тартылған. Ғимаратқа электр қуатын беру –  құрылыс компаниясының құзіретіне жатпайды. Тапсырыс беруші бізбен толықтай есеп жасады», – дейді «Элтитстрой» құрылыс компаниясының директоры Николай Хелемчуг.

Маусымдық нысан тек қыс мезгілінде ғана жұмыс істейді. Мұздатқыш қондырғылар қарастырылмаған. Сондықтан жаз бойы жабық тұрады. Жарық желілерінің барлығы бар. Тек оны іске қосу үшін құзырлы ограндардан нысанда қолданысқа енгізу актісі керек. Оны алу үшін ғимарат тұрған жерді спорт мектебі өз баллансына алуы шарт. Бұл әрекеттердің барлығы құрылыс басталмас бұрын жасалуы керек еді. Енді уақыты созылып кетті.

«Жарықты жайдан-жай қоса салуға болмайды. Әкім «қос» дегемімен, монополист компания мұндай қадамға бармайды. Себебі құжаттар дұрыс емес. Жалпы жарықтың жоқтығы жұмысқа айтарлықтай кедергі келтіріп жатқан жоқ. Мұнда спорт мектебіне келетін балалар да, Мамлютка қаласының тұрғындары да тегін кіреді. Тек сағат 18.00-ден кейін мұз айдынын жабамыз. Өтйкені қараңғы түсіп кетеді», – дейді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Есілбай Омаров.

Хоккей кортының құрылысына облыс қазынасынан 106 млн теңге жұмсалған болатын. Нысан тек жаттығу жасап, бос уақытты өткізу үшін ғана емес, жарыс ұйымдастыруға да арналған. Бірақ жарықтың жоқтығынан жабық хоккей корты толыққанды пайдаланылмай отыр.