Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түскен

Түскен қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түскен
Сурет: Halyk-uni.kz

 

2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен ақша көлемі 8,1 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті, – дейді ИИДМ.

Сонымен қатар елімізде былтырғы қарашада тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті. Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға әрі бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.